Пайдаланушының әрекеті
- www.akorda.kz сайтына кіріңіз
- «Виртуалды қабылдау бөлмесі» сілтемесін басыңыз
- «Виртуалды қабылдау бөлмесі» сайтында тіркеуден өтіңіз (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы – ЭЦҚ)
- «Президентке жазу» бөліміне өтіңіз
- Хабарламаны жіберу үшін сауалнаманың көрсетілген жолдарын толтырыңыз – аймақ, өтініштің сипаты, және мазмұны* белгісімен міндетті түрде толтырылуға тиіс тармақтар белгіленген
- «Мазмұны» жолында өтінішті жазыңыз (электрондық өтініш көлемі 1500 белгіден аспауы тиіс, қосымшалар - 10 мегабайттан аспауы тиіс). Аталған көлемнен асқан жағдайда Сіз ҚР Президенті Әкімшілігінің мекен-жайына жазбаша өтініш жібере аласыз
- ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз (ЭЦҚ арқылы қол қою батырмасы) және өтінішті жіберіңіз (Жіберу батырмасы)
- Өтінішті қарау барысын тексеру үшін «Жеке кабинет» бөліміне кіріңіз
- Жұмысты аяқтаған соң «Виртуалды қабылдау бөлмесінен» шығыңыз