Пайдаланушының әрекеті

  1. www.akorda.kz сайтына кіріңіз
  2. «Виртуалды қабылдау бөлмесі» сілтемесін басыңыз
  3. «Виртуалды қабылдау бөлмесі» сайтында тіркеуден өтіңіз (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы – ЭЦҚ)
  4. «Президентке жазу» бөліміне өтіңіз
  5. Хабарламаны жіберу үшін сауалнаманың көрсетілген жолдарын толтырыңыз – аймақ, өтініштің сипаты, және мазмұны
    * белгісімен міндетті түрде толтырылуға тиіс тармақтар белгіленген
  6. «Мазмұны» жолында өтінішті жазыңыз (электрондық өтініш көлемі 1500 белгіден аспауы тиіс, қосымшалар - 10 мегабайттан аспауы тиіс). Аталған көлемнен асқан жағдайда Сіз ҚР Президенті Әкімшілігінің мекен-жайына жазбаша өтініш жібере аласыз
  7. ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз (ЭЦҚ арқылы қол қою батырмасы) және өтінішті жіберіңіз (Жіберу батырмасы)
  8. Өтінішті қарау барысын тексеру үшін «Жеке кабинет» бөліміне кіріңіз
  9. Жұмысты аяқтаған соң «Виртуалды қабылдау бөлмесінен» шығыңыз